Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88-ге жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88-ге жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласында тағы екі адамда диагноз қуатталды, деп хабарлайды еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, жалпы 88 науқас тіркелді», - делінген министрліктің шұғыл хабарламасында.

 

Фото: informburo.kz