Қазақстанда 2 адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда 2 адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда 2 емделуші коронавирустан жазылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

«Екі емделуші коронавирустан айықты. Қазір олар соңғы тексеру сараптамаларын тапсыруда. Ауруханадан ертең шығады», - деп мәлім етті министр.

Дәурен Абаев бұл ең алдымен бұл дәрігердің жанкешті еңбегінің жемісі екенін атап көрсетті.

«Үкіметтің және барша қазақстандықтардың атынан медцина қызметкерлері мен Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Кез келген маман үшін ең бастысы - өз еңбегінің нәтижесін көру. Сол нәтиже үміт пен қуат береді», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

 

Фото: rbc.ru