ДДСҰ: Бір тәулікте 40 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

ДДСҰ: Бір тәулікте 40 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

Бір тәулік ішінде әлемде коронавирус жұқтырған 39 827 жағдай тіркелді, деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. 1722 адам COVID-19 инфекциясынан көз жұмған. Осы күнге дейін індет 16 231 адамның өмірін жалмаған. Ал пандемия басталғалы оны жұқтырғандар саны 372 757 құрады.

Коронавирустан қайтыс болғандардың басым бөлігі еуропалықтар – 24 мыңнан астам. Екінші орында – Оңтүстік және Солтүстік Америка - 12,5 мыңға жуық.

Еуропада вирус жұқтырғандар саны бойынша Италия, Испания және Германия көш басында.

Оңтүстік және Солтүстік Америкада ауру жұқтырғанардың көбі АҚШ-та тұрады. Бұл 42 мыңнан астам адам.

Айта кетейік, ертең, 26 наурызда, коронавирустың таралуына байланысты G20 шұғыл саммитін өткізу көзделіп отыр, Шара бейнеконференция форматында өтеді. Бұл туралы Кyodo агенттігі жапон үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Фото: dw.com