Қазақстанда инфекцияға шалдыққан науқастар саны 66 адамға жетті

Қазақстанда инфекцияға шалдыққан науқастар саны 66 адамға жетті

Алматы қаласында коронавирус жұқтырудың тағы екі оқиғасы анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

Осылайша, Қазақстанда инфекцияға шалдыққан науқастар саны 66 адамға жетті. Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 34 оқиға, Алматыда – 28 адам, Қарағанды қаласында – 2 жағдай, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1 науқас.

 

Фото: apostrophe.ua