Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар қатары 64 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар қатары 64 адамға жетті

Қазақстанда коронавирустың жаңа типіне шалдыққан тағы 2 адам анықталды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 24 наурыз таңғы 8 сағат 10 минуттағы мәліметіне сәйкес, ауру жұқтыру оқиғалары Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.

Осылайша, бүгінде ел аумағында коронавирус жұқтырғандар қатары 64 адамға жетті:

Нұр-Сұлтанда – 34 науқас,

Алматыда – 26 адам,

Қарағандыда – 2 тұрғын,

Алматы облысында – 1,

Ақтөбе облысында – 1 адам.

 

Фото: rg.ru