Қытай аумағына COVID-19 шетелден әкелініп жатыр

Қытай аумағына COVID-19 шетелден әкелініп жатыр

Қазір Қытай Халық Республикасының аумағына коронавирус шетелден әкелініп жатыр. Жергілікті дәрігерлер осындай қорытынды жасап отыр. COVID-19 бүгінде шет мемлекеттен кіріп жатқандардан анықталып жатқан көрінеді.

Өткен бір тәулік ішінде Қытайдың құрлықтық бөлігінде қауіпті инфекцияға шалдығудың 34 жаңа оқиғасы тіркелген.

Атап айтқанда, Бейжіңде – 21, Гуандун провинциясында – 9, Шанхайда – 2, Хэйлунцзян және Чжэцзян провинцияларында бір-бір оқиғадан. 

Қытайдың ауруларды бақылау және олардың алдын алу жөніндегі орталығы өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта ең маңыздысы – инфекцияның шетелден келуіне тосқауыл қою және дер кезінде шара қабылдау үшін халықаралық ынтымақтастықты күшейту.

Қытайға шет мемлекеттерден келетін барлық азаматтар қатаң медициналық бақылаудан өткізіліп, 14 күндік карантинге орналастырылады. Эпидемиологиялық ахуалдың біршама оңалуына байланысты бүгінде ел ішіндегі өндірістер қайта жандана бастады.

Фото: strana.ua