ҚР Премьер-Министрінің орынбасары COVID-19 таралмауы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары COVID-19 таралмауы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді

Шетелде жүрген қазақстандық туристер елге қайтарылады. Наурыздың 23-іне 18 әуе рейсі жоспарланған. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінде өткен онлайн-брифинг кезінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады.

Қазақстандықтарды қайтаруға мемлекеттік бюджеттен ақша жұмсалмайды.

«Бүкіл әлем бойынша рейстердің ауқымды қысқаруы жағдайында оларды чартерлік рейстермен елге қайтару бойынша теңдессіз шаралар қабылданып жатыр», - деді вице-премьер.

Ералы Тоғжанов халық арасында қызу талқыланып жатқан тағы бір мәселе – медициналық маскалардың тапшылығына қатысты Үкімет басшылығы күн сайын отандық өндірушілердің өндіріс көлемін арттыру мәселесі бойынша жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Егер бүгінде елімізде күн сайын 360 мың маска өндірілсе, оның 171 мыңы көп рет пайдалануға арналған, жақын арада олардың санын 1 миллионға дейін арттыру міндеті тұр», - деп хабарлады Премьер-Министрдің орынбасары.

Фото: .inform.kz