Қазақстанда www.coronavirus2020.kz сайты ашылды

Қазақстанда www.coronavirus2020.kz сайты ашылды

Қазақстанда азаматтарды коронавирусқа қатысты жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру мақсатында www.coronavirus2020.kz сайты іске қосылды.

«Бұл ресурста төтенше жағдай бойынша, карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде, сондай-ақ желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару және басқа да барлық өзекті ақпараттар жинақталады», - деп жазды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында.

Сонымен қатар сайтта аурудың алдын алу белгілері, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда жасалатын әрекеттердің ережелері жарияланған. Мәліметтердің барлығы инфографика, нұсқаулық түрінде түсінікті нұсқада берілген.

 

Фото: coronavirus2020.kz