Әлемде 225 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған

Әлемде 225 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған

Әлемде 225 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған. 9 мыңнан аса науқас көз жұмса, 84 мың адам сауығып шықты. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтері осындай.

Бүгінде COVID-19 вирусының таралу ошақтарының біріне айналған Италияда өткен бір тәулік ішінде инфекциядан 427 адам қайтыс болған. Бұл туралы елдің Азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелли хабарлады. Осылайша, вирустан көз жұмғандар саны елде 3405 жетті. Коронавирустан өлім-жітім көрсеткіші бойынша Италия Қытайды басып озды. Халық Республикасында 3245 науқас көз жұмды.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделене түсуіне байланысты 3 сәуірге дейін енгізілген карантин ұзартылуы мүмкін. Италия үкіметі халық үшін қосымша шектеулер енгізуді қарастырып отыр. Солардың бірі, - ашық ауада серуендеуге қатысты болмақ. Қазір Италияда коронавируске шалдыққандар саны 41 мыңнан асады.

АНДЖЕЛО БОРРЕЛИ, ИТАЛИЯНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Бір тәулік ішінде 415 адам сауығып шықты. Жалпы ауру бас көтергелі бері 4440 италиялық азамат толықтай емделіп шыққанын айту керек. Өкінішке орай, өткен тәулікте вирус жұқтырған тағы 4,5 мың адам анықталды. Бұл – рекорд.

 

Фото: interfax.ru