Әлем бойынша 214 мыңнан аса адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

Әлем бойынша 214 мыңнан аса адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

Әлем бойынша 214 мыңнан аса адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы. Жұқтыру оқиғаларының 80% Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты аймағына тиесілі.

АҚШ-та коронавируске шалдыққандар қатары 9 мыңнан асты, 150 адам көз жұмған. Бүгінде COVID-19 Кәрі құрлық елдерінің барлығында тіркелген. Италияның Азаматтық қорғаныс қызметі ел аумағында бір тәулікте коронавирустан 475 адам көз жұмғанын хабарлады. Науқастар саны 36 мыңға жуықтаған. Ал Ұлыбританияда коронавирус 2 мыңға тарта адамнан анықталды, 71-і қайтыс болды. Бельгияда 14 адам көз жұмды.

ТМД елдері бойынша вирус жұқтыру бойынша ең жоғары көрсеткіш Ресейде тіркеліп отыр. Соңғы мәліметке сәйкес, қауіпті инфекция 147 адамда анықталған. Беларусь Республикасында – 51, оның бесеуі сауығып шыққан, Арменияда науқастар саны 100-ден асты, Өзбекстанда – 18, Қырғызстанда - 3.

Ал вирус бас көтерген Қытайдың өзінде коронавирус 81 мыңнан аса азаматта қуатталып отыр. Инфекция ошағы – Ухань қаласында алғаш рет науқастар анықталған жоқ.

Оңтүстік-шығыс Азияда коронавирустың таралуы бойынша Малайзия алдынғы орында. Соңғы мәліметке қарағанда, бұл мемлекетте COVID-19 жұқтырғандардың саны 673-ке жеткен. Дерттен 2 адам көз жұмды

Жалпы, дүниежүзі бойынша аталған вирустың таралуы бойынша Қытай бірінші орында –81 мыңнан аса адам. Екінші орында — Италия – 36 мыңға жуық науқас. Үштікті Иран қорытындылайды, онда коронавирус 17 361 мыңнан аса пациентте қуатталды.

Фото: medikom.ua