Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 37 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 37 адамға жетті

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Осылайша, бүгінгі жағдай бойынша, ел аумағында коронавирус жұқтырған 37 науқас тіркеліп отыр. Оның 19-ы – Алматыда, 18-і – Нұр-Сұлтан қаласында.

Сонымен қатар, екі қазақстандық азамат шетелде ем қабылдауда. Жерлесіміздің біреуі – Германияда, тағы бір қазақстандық азамат Венгрияда карантинге орналастырылған.

Фото: delo.ua