Шығыс Қазақстан облысында тәулігіне 100 мың маска шығарады

Шығыс Қазақстан облысында тәулігіне 100 мың маска шығарады

Шығыс Қазақстан облысының тігін фабрикалары 6 миллионнан астам медициналық бетперде шығаруға дайын.

Айта кетейік, қазіргі кезде өңірдегі 10 фабрика өзінің қуаттылығын арттырып отыр. Кәсіпорындар тәулігіне 100 мыңға жуық қорғаныш бұйымдарын шығарады.

Бірінші кезекте мектептер, медициналық мекемелер және Ұлттық ұлан бөлімшелері маскалармен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

 

Фото:gazeta.ru