Президент еліміздің дәрігерлеріне алғыс айтты

Президент еліміздің дәрігерлеріне алғыс айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина мамандарына алғыс білдірді.

«Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

 

Фото: ainews.kz