Covid-19 емдеуге арналған дәрі табылды

Covid-19 емдеуге арналған дәрі табылды

Covid-19 емдеуге арналған дәрі табылды. Қытайлық ғалымдар коронавирусқа қарсы дәріні сынақтан өткізуді аяқтады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. Дененің қызуын түсіруге арналған препарат тәжірибе барысында өзінің тиімділігін көрсетті. Клиникалық сынаққа қатысқан 80 науқастың 35-і осы дәрімен емделіп, қысқа мерзім ішінде айығып шыққан. Аталған дәрмек алдағы уақытта Covid-19 емдеу және анықтау жоспарына енгізіліп, медицина қызметкерлеріне ұсынылмақ. Қазіргі кезде Қытайлық фармацевтикалық компания препаратты шығаруды жолға қойып, халықты тұрақты түрде қамтамасыз етуді жоспарлауда.

Бүгінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны әлемде 197 мыңнан асты. Әлемнің 154 мемлекеті қауіпті індетпен күресуде.

 

Фото: 24.kz