Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 32 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 32 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 32 адамға жетті. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі тағы 5 адамның індет жұқтырғанын хабарлады. Оның төртеуі Алматыда, біреуі Нұр-Сұлтан қаласында. Вирус жұқтырғандар карантинге орналастырылды. Сонымен қатар еліміздің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді.

Қазақстандықтар сапар шеккеннен кейін стационарлық карантинге орналастырылатын елдер тізімі кеңейтілді. Қазіргі кезде бұл санатқа Франция, Иран, Италия, Испания және Германия елдері кіреді. Ал 1Б санатына Қытай, Оңтүстік Корея және шенген аймағына жататын мемлекеттер енгізілді. Аталған елдерден келген азаматтар міндетті түрде үйде карантинге орналастырылады. Сондай-ақ дәрігерлердің шешімімен үйден стационарлық оқшаулауға ауыстырылуы мүмкін.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 27 адамға жетті

Коронавирус жұқтырғандар саны 13 адамға жетті

Фото: tengrinews.kz