Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 27 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 27 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 27 адамға жетті. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтан қаласында тағы 14 адамның індет жұқтырғанын хабарлады. Олар карантинге орналастырылды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта елімізде 1600-ге тарта адам карантинде, бір мыңнан астам азамат үй жағдайындағы карантиде отыр. Денсаулық сақтау министрлігі 2097 адамды бақылауға алған.

ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:  

 - Нұр-Сұлтан қаласында 14 адамда диагноз қуатталғанын хабарлаймыз. Олармен қатынаста болғандардың барлығы анықталды. Оларды карантинге орналастыру және оқшаулау шаралары қабылданып жатыр. Жағдай үкіметтің бақылауында.

Сонымен қатар еліміздің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді. Қазақстандықтар сапар шеккеннен кейін стационарлық карантинге орналастырылатын елдер тізімі кеңейтілді. Қазіргі кезде бұл санатқа Франция, Иран, Италия, Испания және Германия елдері кіреді. Ал 1Б санатына Қытай, Оңтүстік Корея және шенген аймағына жататын мемлекеттер енгізілді. Аталған елдерден келген азаматтар міндетті түрде үйде карантинге орналастырылады.

Сондай-ақ дәрігерлердің шешімімен үйден стационарлық оқшаулауға ауыстырылуы мүмкін.

Фото: volzsky.ru