Көкшетауда көп рет пайдалануға болатын бетперде тігіле бастады

Көкшетауда көп рет пайдалануға болатын бетперде тігіле бастады

Көкшетауда көп рет пайдалануға болатын бетперде тігіле бастады. Бір ауысымда кәсіпорын әзірге тәулігіне 4 мың дана маска шығарады. Дайын өнім алдымен өз жұмысшыларына таратылса, онан соң шаһардағы ірі өнеркәсіп ошақтары мен әлеуметтік нысандарды қамтамасыз етпек. Ал келешекте дәріханаларға жеткізілуі мүмкін. Жақын уақытта кәсіпорын қуатын 2,5 есеге арттыруды көздеп отыр.

САЯН БОТАШОВ, КӘСІПОРЫННЫҢ ИНЖЕНЕРІ:

 - Енді болашақта күніне 10 мыңға дейін маска тігуге мүмкіндігіміз бар. Керек болса адамдарды 2-3 ауысыммен шығаруға болады.

Қостанайдағы тігін фабрикасы да медициналық маскалар шығара бастады. Бұған дейін кәсіпорын арнайы киімдер тігуге мамандандырылған еді.  Қызметкерлер тәулігіне 10 мың дана бетперде дайындайды. Қажеттілік туындап жатса, өндіріс көлемін 2 есеге дейін ұлғайтуға қауқарлы. Бетперделер жергілікті және елорданың дәріханаларына жеткізіледі. Алдағы уақытта кәсіпорын медициналық мақсаттағы қорғаныш костюмдерін тігуге кіріседі.

АРСЕН ЖЕТПІСБАЕВ, ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бізде өнім мемлекеттік стандарт бойынша тігіледі. Бұл бетпердені бірнеше мәрте қолдануға, жууға, зарарсыздандыруға, үтіктеуге болады.  

Фото: total.kz