Коронавирус жұқтырғандар саны 13 адамға жетті

Коронавирус жұқтырғандар саны 13 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13-ке жетті.

Еліміздің денсаулық министрлігі Алматы қаласында тағы 3 адамның індет жұқтырғанын хабарлады. Осылайша, ауырған 13 кісінің он бірі Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтанда ем қабылдауда.

Айта кетейік, қазіргі уақытта елімізде 1600-ге тарта адам карантинде, бір мыңнан астам азамат үй жағдайындағы карантиде отыр. Денсаулық сақтау министрлігі 2097 адамды бақылауға алған.

Фото: vedomosti.ru