Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 9 оқиғасы қуатталды

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 9 оқиғасы қуатталды. Оның жетеуі – Алматыда, екеуі – Нұр-Сұлтан қаласында. Қазір 1600-ден аса адам стационарлық және 600-ден аса адам үй карантиніне орналастырылған.  Республиканың Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағындағы эпидемиологиялық ахуал бақылауда екеніне сендіруде.

Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін профилактикалық шараларды ұстануға шақырады. Атап айтқанда, жеке тазалық талаптарын қадағалап, адам көп жиналатын орындарға бармауға, науқастармен байланыспауға, ал ауру белгілері туындаса, бірден жедел жәрдем шақыруға кеңес береді. Коронавирусқа қатысты барлық ақпаратты қазақстандықтар 1406 колл орталығына хабарласып, ала алады.  

Фото: vlast.kz