Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды

Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды

Алматы қаласында 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды. 

Ол Германиядан ұшып келген.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады. 

Кеселді жұқтырғандардың жалпы саны 9-ға жетті. Жетеуі Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтан қаласында. Қазір 1644 адам стационарлық және 628 адам үй карантинінде. Қазір Қытай халық республикасы мен індет қаупі жоғары елдерден келген азаматтар қатаң бақылауда. Олардың жалпы саны – 2537, соның ішінде 1 «а» санатына жататындар 1626, 1 «б» санатындағылар – 564, ал 2-санаттағылар – 347 адам. Осы 2537 адамның 480-не қатысты бақылау алынып тасталған. Яғни тап қазір бақылауға алынған азаматтар саны – 2057.

Айта кетерлігі, коронавирустың таралуына байланысты желіде жалған ақпарат көбейді. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі халықты тек ресми ақпаратқа сенуге шақырып отыр.

Фото: oblgazeta.ru