Алматыда коронавирус анықталған 6 адамның жағдайы белгілі болды

Алматыда коронавирус анықталған 6 адамның жағдайы белгілі болды

Қазақстанда коронавирусты жалпы 8 адам жұқтырған.

Оның алтауы– Алматыдан анықталған болатын.

Олардың қазіргі жағдайы туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн-брифингте хабарлады.

«Алматы қаласында коронавирус анықталған 6 адамның төртеуінің жағдайы қалыпты, ал екеуінің денсаулығы орташа. Қазір барлығы да ем қабылдап жатыр», – деді ол.

Еске сала кетейік, бүгін анықталған екі науқастың алғашқысы – 1959 жылы туған әйел адам. Ол вирусты Алматыға Мәскеуден ұшып келген рейсте болған жұбайынан жұқтырып алған. Ал екінші науқас – 1995 жылы туған Қазақстан азаматы. Бұл ер адам Алматыға Сеулден ұшып келген.

Фото: inbusiness.kz