COVID 2019: Нұр-Сұлтаннан анықталған екінші адаммен ұшақта 86 жолаушы келген

COVID 2019: Нұр-Сұлтаннан анықталған екінші адаммен ұшақта 86 жолаушы келген

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 6 адамға жетті.

Оның бірі Нұр-Сұлтаннан анықталды. Ол елордаға Варшавадан келген. Және нұрсұлтандық тұрғынмен ұшақта 86 жолаушы ұшып келген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәуле Қисықова коронавирус бойынша Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

– Қазақстан азаматы қазір стационарда ем қабылдап жатыр. Ол 12 наурызда оқшауландырылған болатын. Бұл да транзиттік рейс, яғни науқас елордаға Германиядан Варшава арқылы келген, – деді Сәуле Қисықова.

Фото: gtrk.tv