Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6-ға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6-ға жетті

Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Біреуі – 1958 жылы туған ер адам. Жеке кәсіпкер. Ол Алматыға Мәскеуден 10 наурызда ұшып келген. Қазіргі таңда карантинде жатыр. Сонымен қатар елордада тағы бір әйел тіркелді. Ол Варшава-Нұр-Сұлтан ұшағымен ұшып келген. Осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 6-ға жетті. Оның төртеуі Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтан қаласында. Бұдан бөлек, Германияда жүрген тағы бір жерлесіміздің вирус жұқтырғаны жөнінде ақпарат бар.

Қазақстанның екі азаматынан коронавирус анықталды

Қазақстанда коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны төрт адамға жетті


Фото: tvzvezda.ru