Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 4 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 4 адамға жетті

Германиядан 13 наурыздағы рейспен ұшып келген жолаушылардың тағы бірінен коронавирус анықталды.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.

ҚР ДСМ өкілінің мәліметінше, коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматы 1976 жылы дүниеге келген. Жолаушы Германиядан Алматыға қонған ұшақта болған.

Фото: dw.com