Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жедел әрекет ету штабының отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус қаупіне байланысты үйде балалармен бірге қалуға мәжбүр болатын ата-ананың біреуіне ақылы еңбек демалысын беруді тапсырды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың шетелдерге іс-сапарларына тыйым салынды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жедел әрекет ету штабының отырысында мәлімдеді.

Үкімет және бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары қатысқан жиында әлемде алаңдатып отырған індетке қарсы шаралар пысықталды. Президент Үкіметке тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алудың тікелей және ашық жүйесіне көшуді тапсырды. Бұл ретте отандық өндірушілерге басымдық беріледі.

Сонымен қатар медицина мекемелері мен азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету де айрықша назарға алынбақ.

Фото: holanews.kz