2 қазақстандық азаматта коронавирус анықталды

Екі қазақстандық азаматта коронавирус анықталды. Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатерлі індет инфекциясын жұқтырған азаматтардың Германиядан келгенін мәлім етті. Короновирус қаупі жоғары екінші санаттағы мемлекеттен елімізге бірі 9-ыншы, енді бірі 12 наурызда  жеткен. Қазір сол әуе бортында болған барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері стационарға жатқызылды.

ЕЛЖАН БІРТАНОВ,  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

-  3 айдан бастап короновирустық инфекцияға Қазақстан еліне жол бермеу бойынша көп іс-шаралар іске асырылып, көптеген жұмыстар атқарылды. Бірақ өкінішке орай бүгінгі ақпарат бірнеше рет тексерілген 2 қазақстандық азаматтан короновирустық инфекция табылды. Қазір бұл науқастар карантиндік стационарға жатқызылды. Бүгінде бұл пациенттердің жағдайлары жақсы. Жалпы қажетті эпедемиологиялық қарсы шаралар енгізілуде.

Фото: ktk.kz