Қазақстанда коронавирусқа байланысты тәулік бойы Call-орталықтары жұмыс істейді

Қазақстанда коронавирус мәселелері бойынша халыққа ақпарат беретін екі шұғыл желі жұмыс істейді. Оның бірі – Сыртқы істер министрлігіне, екіншісі Денсаулық сақтау ведомствосына тиесілі. Операторлар хабарласқан азаматтарға коронавирустың алдын алу және аурудың басты белгілері туралы, жалпы инфекцияға байланысты ахуал туралы хабарлап, кеңес береді. Шұғыл желілер тәулік бойы жұмыс істейді.

Фото: baigenews.kz