Коронавирус: 1775 адам көз жұмды

Коронавирус: 1775 адам көз жұмды

Қытайдың Хубэй провинциясында өткен тәулікте тағы 100 адам короновирустан көз жұмды. Жалпы Ковид-19 осымен 1775 науқастың өмірін қиды. Аурудан қайтыс болу жағдайларының басым бөлігі Қытайда тіркелген.  Ал оны жұқтырғандар саны 2 есеге, яғни екі мыңға жуық артқан. Әлемде 71 мыңнан астам адам короновирусқа шалдыққан. Ал бірнеше апта бойы Италия жағалауында карантинде тұрған Diamond Princess круиздік лайнерінен 400-ге жуық АҚШ азаматы эвакуацияланған. Жолаушылары арнайы жабдықталған автобустармен әуежайға жеткізілді. Қазіргі кезде кемеде вирус жұқтырғандар саны 355 адамды құрап отыр.

Сонымен қатар Тайваньда коронавирустан тағы бір науқас қайтыс болды. Бұл туралы аралдың Орталық ақпарат агенттігі хабарлады. Жұқпалы дерттен көз жұмған кісі Қытайға бармаған. Яғни дерттің негізгі ошағында болмаған 60 жастағы ер адам. Марқұм тіпті ауруға шалдыққан науқастармен де қатынаспаған. Сондықтан оның вирусты қайдан және қалай жұқтырғаны тексеріліп жатыр.

Фото: ktk.kz