Ухань қаласынан 83 қазақстандық эвакуацияланды

Ухань қаласынан 83 қазақстандық эвакуацияланды

Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы Қытайдың Ухань қаласынан 83 қазақстандықты эвакуациялады. Олардың арасында 80 студент жас бар. Қытайдан оралған азаматтар елордадан 7 шақырым жерде орналасқан арнайы корпуста 14 күн карантинде болады. Олар бірінші кезекте, коронавирусқа қатысты тексерістен өтеді.

Клиника заманауи диагностикалық, емдік және реанимациялық құралдармен жабдықталған. Карантинге жабылғандармен мамандар ғана байланыста болады. Барлығы оқшаулау ережесімен таныстырылды делінген үкіметтің ресми хабарламасында.

Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстан Президентінің тапсырмасымен қауіпті вируспен күресіп жатқан Қытайға жалпы көлемі 13,6 тонна медициналық бұйым гуманитарлық көмек ретінде жіберілген.

Фото: diapazon.kz