Оңтүстік Корея дәрігерлері Қазақстанда операция жасайды

Оңтүстік Корея дәрігерлері Қазақстанда операция жасайды. Мұндай келісімге Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының медициналық орталығы делегациясының Сеулге сапары кезінде қол жеткізілді. Оңтүстік Корея дәрігерлері Нұр-Сұлтанда шеберлік сабақтар өткізуге және қазақстандық әріптестерін оқытуға келісті. Ал күрделі оталарды оңтүстік кореялық дәрігерлер тікелей өздері жасайды.

Сонымен қатар телемедицина көмегімен науқастар мен дәрігерлерге қашықтан кеңес беру ісі жолға қойылады.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Күрделі операцияларды біз әріптестерімізбен бірге Қазақстанда жасаймыз. Технология трансферті, яғни оқыту жұмыс орнында өтеді. Сонымен қатар біз бұл көмекті тек Қазақстан азаматтары үшін ғана емес, Орталық Азиядағы көршілерімізге де ұсына аламыз. Олар шетел дәрігерлерінен, оның ішінде корей мамандарынан сапалы медициналық көмекті Қазақстанда ала алады.

ЛИ БЁН СОК, АУРУХАНАНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Менің ойымша, алдымен медицина қызметкерлері арасында алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру керек, шеберлік сабақтарын өткізу екі елдің медицинасын дамытуға ықпал етеді. Корейлік дәрігерлер АҚШ-тан 30 жыл тәжірибе жинады. Егер Қазақстан туралы айтатын болсақ, тәжірибе алмасу ұзаққа созылмайды.

Фото: sputniknews.kz