СҚО-дағы тіс емдеу кабинеті науқастарға тегін қызмет көрсетеді

СҚО-дағы тіс емдеу кабинеті науқастарға тегін қызмет көрсетеді

Солтүстік Қазақстан облысының Явленка ауылында стоматология ашылды. Ерлі-зайыпты Валентин мен Ирина «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының тиімді шарттарын пайдаланып, өз істерін қолға алған. Тіс емдеу кабинеті енді мемлекеттік тапсырыс бойынша науқастарға тегін қызмет көрсете алады. Бұл – Ұлт жоспарында көрсетілген жекеменшік медицинаны дамыту бойынша жүзеге асатын жұмыс. Елена Корпичтің «стоматолог» десе, төбе шашы тік тұратын. Тісі солқылдап ауырып, мазасы кеткен келіншек ақыры дәрігердің көмегіне жүгінді, деп жазады 24KZ.



Сурет: 24.kz