Ғалымдар: Ұзақ отыру адам өмірін қысқартады

Ғалымдар: Ұзақ отыру адам өмірін қысқартады

Әлемде өлімнің 3,8 пайызы адамдардың ұзақ отыруынан болады екен. 15 жыл бойы зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдар осындай тұжырымға келіп отыр. Олардың пікірінше, адам өмірін ұзарту үшін күніне үш сағаттан артық отырмау керек және үнемі қозғалыста болу қажет.

 

Бразилиядағы Сан-Паулу университеті ғалымдарының айтуынша, 30 минутқа аз отырғанның өзі адам денсаулығына жақсы әсер етеді.

 

Ғалымдар мұндай тұжырымды 15 жыл бойы 54 мемлекеттегі өлім-жітім деңгейін зерттеген соң айтты. Өлім-жітімді азайту үшін күніне 2-3 сағатқа аз отыру керек деген кеңес береді мамандар.

 

Зерттеу барысында мамандар ұзақ отыру түрлі ауруларды қоздыратынын, оның ішінде семіздікке де алып келетінін ескерді. Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша, отырып жұмыс істейтін адамдар инфаркт пен инсультке жиі шалдығады екен.

 

Зерттеу авторлары егер адам көп уақытын қозғалыста өткізсе, салауатты өмір салтын ұстанса, өлім-жітім деңгейін айтарлықтай азайтуға болады деп санайды, деп хабарлайды BNews.kz.

 

 

Сурет: bnews.kz