Медициналық сақтандыру туралы заң күшіне енді

Медициналық сақтандыру туралы заң күшіне енді

Қазақстанда медициналық сақтандыру туралы заң күшіне енді. Алайда, тұрғындар оның аясындағы кепілдендірілген жәрдемге келесі жылдың екінші жартысында ғана қол жеткізе алады. Биыл, 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылады. Ал 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс беруші өз есебінен әр еңбеккер үшін сатылай қаржы аудара бастайды. Қызметкерлер болса қорға 2019 жылдан бастап жалақысының 1, 2020 жылы 2 пайызын жібереді.Біріншісі - базалық пакет. Ол әр отандасымыз үшін қолжетімді болады. Мәселен, жедел жәрдем, санитарлық авиация, екпе. Екінші пакет ол - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Оның аясында науқас стационарлық, жоғары технологиялық көмекке жүгіне алады әрі дәрі-дәрмектің көптеген түрлері де тегін беріледі.

 

Әмір АХЕТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ:

 

Біріншісі - базалық пакет. Ол әр отандасымыз үшін қолжетімді болады. Мәселен, жедел жәрдем, санитарлық авиация, екпе. Екінші пакет ол - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Оның аясында науқас стационарлық, жоғары технологиялық көмекке жүгіне алады әрі дәрі-дәрмектің көптеген түрлері де тегін беріледі. Үшінші пакет - еркін медициналық сақтандыру. Яғни, адамдар жекеменшік клиникалардан медициналық сақтандыруды сатып алады. 

 

Сурет: 7kun.kz