Қызылорда облысында кәсіпкерлер медицина мекемесіне қолдау көрсетті

Қызылорда облысында кәсіпкерлер медицина мекемесіне қолдау көрсетті

Қызылорда облысының мұнай-газ саласындағы сервистік компаниялары өзара бірігіп, жуырда ғана ашылған паллиативтік көмек беру бөлімшесіне жабдықтар алып берді. Ем алушылардың сұранысы бойынша, медициналық және тұрмыстық жабдықтар сыйға тартылды. Арасында жүріп-тұруға арналған құрылғылар да бар. Онкологиялық хосписте қазір 10-нан астам науқас ем алып жатыр. Олардың барлығы да жедел көмек шақыратын білезіктерге ие болды. Дәрігерлік жәрдем қажет болса, тетікті басса болғаны. «SOS» жүйесін орнату жобасы да кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» қоры арқылы жүзеге асып отыр.   

 

Дархан МЫРЗАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 

Облыстық кәсіпкерлер палатасының бастауымен 3 млн жуық теңгеге көмек берілуде осы онкоорталығына. Алдағы уақытта да мұндай көмектер өз жалғасын тауып, сол саладағы жұмысымызды жалғастырамыз деп ойлаймын.

 

Виктор БАЛБОЧАН, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

 

Қоңырау арнайы мобильді құрылғыға келіп түседі. Мониторда палата нөмірі көрсетіліп тұрады. Медициналық қызметкер әрі қарай шара қолдануға кіріседі. «SOS» жүйесін хосписке алғаш енгізіп отырмыз. Қабылдау диапазоны қала аумағын түгел қамтиды.

 

Сурет: www.kormed.ru