Ағзадағы жасушаны жаңарту - жанға шипа, дертке дауа

Ағзадағы жасушаны жаңарту - жанға шипа, дертке дауа

Ағзадағы жасушаны жаңарту - жанға шипа, дертке дауа. Мына бейне осыдан 10 жыл бұрын түсірілген. Сал ауруына шалдыққан Сергей нейротрансплантация бөлімінен бір-ақ шығады. Тепсе, темір үзетін жігіттің аяқ-қолы икемге келмей, дәрменсіз күй кешкен еді. 

 

Бірнеше жыл төсекке таңылған  бозбалаға дәрігерлер бағаналық жасушаны енгізеді. Көп ұзамай науқастың беті бері қарап, аяғына тұрады. Бүгінде құлан таза айығып шыққан ол жұмысқа тұрып, отбасын құрған.

 

Сақыпжамал ЫДЫРЫСОВА, "ҰҒМО" АҚ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Дәрі-дәрмектің көмегімен барлық ауруды жазу мүмкін емес. Сол кезде осы жасушаның көмегіне жүгінеміз. Жасушаны алмастырғаннан кейін адамның бойында күш пайда болып, қозғала бастайды. Қол-аяғы сал болып қалғандар жүріп-тұруға талпыныс жасайды.

 

60-қа таяп қалған Гүлдейнер Бекжанова алғашқы қадамын жасауға талпынып жатыр. Дәрігерлер екі жыл бойы төсек тартқан науқастың бойындағы жасушаны жаңартты. Нәтиже көп күттірмеді.

 

Гүлдейнер БЕКЖАНОВА, ЕМДЕЛУШІ(ПАЦИЕНТ):

- Жасуша трансплантациясын операция деп айтуға келмейді. Өйткені емделуші пышақтың астына түспейді. Жасуша дәрі тамызғыш арқылы бойға тарап, бар шаруа екі сағатта атқарылады.

 

Бойдағы жасушаны жаңарту арқылы бүгінде талай науқас ауруынан айығып, дертіне дауа тапты. Соңғы он жыл ішінде ұлттық ғылыми орталықтың білікті мамандары  АҚШ, Қытай, Малайзия, Ресей мен Араб азаматтарын осы әдіспен емдеген. Шетелдіктер үшін ем-дом ақылы болса, қазақстандықтар квота арқылы тегін ем алады.

 

 

Фото: eco-boom.com