«Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздары марапатталды

 «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздары марапатталды

Елордада республикалық «Асыл сөз» мектебі аясындағы «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздары марапатталды. Қазақстан Халқы Ассамблеясының қолдауымен өткен шара биыл 6 рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы байқауға қатысушылар «Тіл мектебі», «Асыл сөз», «Абайдың 175 жылдығы» және «Тілдік орта» атты 4 номинация бойынша таңдалған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы жоба онлайн форматта өткеніне қарамастан қатысушылардың саны тек арта түскен.

Трегубова Виктория, қолданбалы этно-саяси институтының қызметкері:

- Қатысушылар аз болған жоқ. Одан әрі көп болмаса. Балалар өз өнерлерін көрсетті, ән айтып, би билеп. Өзінің дәстүрлерімен танысып, қазақ тіліне деген құрметін көрсетіп. Себебі қатысушылардың барлығы қазақ тілінде сөйлейтін, жетік меңгерген балалар. Және де осы қазақстанның түкпір-түкпірінен, 16 аймақтан қатысты балалар. Жалпы бүкіл Қазақстан бойынша 65 жеңімпазымыз бар.

 

Фото: fnn.kz


×