«New Music Generation-2020» халықаралық композиторлар конкурсы

«New Music Generation-2020» халықаралық   композиторлар конкурсы

Қазақстан астанасында ең  талантты композиторлар мен музыканттар іріктелмек. Бұл күндері «New Music Generation 2020» екінші халықаралық композиторлар байқауы  онлайн-режимде өтіп жатыр. Оған әлемнің 22 мемлекетінен әртүрлі жастағы жүздеген композитор қатысуда. Басты шарт- олардың аты-жөнінің жасырын қалуы.  Лауреаттардың есімі тек конкурс қорытындысы  жарияланғаннан кейін 21 қарашада белгілі болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шығармалар мен орындаушыларды бағалаудағы әділеттілікті орнатып, жеке пікір таңылмауы үшін қажет.  Әділ қазылар құрамында әлемге танымал жетекші композиторлар мен өнер қайраткерлері бар. Олар 160 партитураны тыңдап, саралайды.

Рахат-Би Әбдісағын, конкурс әділ-қазыларының төрағасы  және көркемдік жетекшісі:

- Байқаудың деңгейі өте жоғары және ол жыл сайын көтеріліп келеді.  Биыл тіпті былтырғыдан әлдеқайда жоғары деңгейде өтіп жатыр. Өте мықты партитуралар келіп түсуде. Бұл байқау  Қазақстанның шет елдегі мәдени имиджін нығайта түсері сөзсіз. Сонымен қатар мұндай шараны ұйымдастыру бұл үлкен мәртебе және ауқымды жұмыс.

 

Фото: inform.kz


×