«Астана Опера» театры таңғажайып балет кештері топтамасын ашты

Хореографиялық шашу! «Астана Опера» театрында көптен күткен таңғажайып балет кеші өтті. Ұлық өнер ескен сахна төрінде бір емес, бірнеше асқақ бидің көріністері тоғысты. Ауқымды бағдарламаға театрдың қорындағы үздік деген партиялар қамтылған. Әсерлі кештің тек бірінші бөлімінде ғана «Бетховен-Мәңгілік-Махаббат», «Корсар», «Қиялдағы бал» «Жоғалған жұмақ» және «Талисман» балеттерінің ойын-сауыққа толы үзінділері үндесті.

АЛТЫНАЙ АСЫЛМҰРАТОВА, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ТРУППАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ, РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

 - Бірінші бөлімі нео яғни жаңа және классикалық номерлерден құрылды. Кейін бұл қызықты кештің шымылдығы жақында Раймондттың хореографиясында қойылып көпшіліктің көңілінен шығып үлгерген «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» атты бір бөлімді қойылымымен жабылады. Бұл заманауи музыкаға салынған өте тарптымды балеттердің бірі.  

Қазіргі санитарлық талаптарға сай көрермендер шектеулі болды. Дейтұра өнер сүйер қауым үшін балет кешін толықтай онлайн режимінде тамашалау мүмкіндігі жасалды.  Асқақ классикаға құмар қауымды қазан айының соңына дейін тағы бірқатар тосын сый күтіп тұр.

АЛТЫНАЙ АСЫЛМҰРАТОВА, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ТРУППАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ, РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

 - Алда тағы бір гала-концерт болады. 24 қазан күніде көрермендер ауқымды би бағдарламасын қызықтай алатын болады. Ал 31 күні Ролан Петидің хореографиясында «Копеллия» балеті жоспарланған. Ол әзілге әсем көріністерге толы қызықты қойылымдардың бірі. Кейін қоюшы режисер келіп, біз премьераға қамданатын боламыз. Тағы бірқатар партия  қойылады.   Алда көздеген жоспар көп. Ең бастысы біз әр гало концертте, әр спектаклде өзіміз дің шыңдау үшін, көрерменге қызық болатындай жаңа дүниелерді еңгізуге тырысамыз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: kazpravda.kz


×