Лондонда қазақстандық суретшілердің көрмесі өтті

Лондондағы Cromwell place атты көркемсурет галереясында Алмагүл Меңлібаева мен Ербосын Мелдібековтың туындыларына арналған көрме ашылды. Экспозицияда суретшілердің жаңа картиналарымен қатар, өз өзектілігін жоғалтпаған белгілі жобалары да ұсынылған. Мысалы, Ербосын Мелдібековтың «Трансформер» атты еңбегі Өзбекстандағы шағын саябақ туралы.

ПРЕСТОН БЕНСОН, CRONWELL PALACE КӨРКЕМ ГАЛЕРЕЯСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл көрменің ішінде ең сүйікті жұмысым – ол  Ташкентті айқындай көрсететін «Трансформер» атты туындым. Онда 100 жыл ішінде ескерткіштер бірнеше рет өзгерген. Қазір батыс қоғамында осындай жағдай орын алуда. Мұнда көрмеге өткізу өте маңызды, себебі батыстық көрермен біздің көзқарасымыздың қандай екенін білмей жатады. Орталық Азияның тарихы айтуға тұрарлықтай өте бай.

МЕРУЕРТ ҚАЛИЕВА, «АСПАН» ГАЛЕРЕЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің авторларға өте үлкен қызығушылықпен қарайды. Ербосын Мелдібеков пен Алмагүл Меңлібаева сияқты суретшілер – көптеген музейлерде жұмыстары қойылған өнерпаздар. Олар қазір өз жұмыстарын барлық топтық көрмелерде қоюда. Біз үшін олардың жұмыстарын Лондонда көрсету өте маңызды. Себебі Лондон мәдениет саласының орталығы болып табылады. Яғни, бүкіл әлемнің коллекционерлері мен жетекшілері осында келеді.

Қазақстандық авторлардың жұмыстарына әлемнің түкпір-түкпірінен келген коллекционерлер мен түрлі музейлер қызығушылық танытуда. Мысалы, Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы тау туралы баяндайтын «Ленин шыңы» атты туынды 15 мың еуроға бағаланады. Қазіргі таңда 4 туындының  3-і сатып алынған. Картинаны сатып алғандардың қатарында Гонконгтың әйгілі заманауи өнер музейі бар.

САУАЛНАМА:

 - Керемет. Мен тіпті ғашық  болып қалдым.  Лондонда алғаш рет қойылып отырған «Аспан» галереясын өзімізде қабылдау біз үшін үлкен құрмет. Туындылар өте керемет. Ұйымдастырушылар жоғары деңгейде ойластырған.  

 - Бұл туындылар мен үшін жаңалық деп айта аламын. Маған, әсіресе мына жұмыс ұнады. Сөзсіз мен үшін үздігі осы. Себебі бұл туынды басқалардан ерекше. Картинадағы әйел, жарық және жалпы құрылым маған ұнағаны да осы.

Лондонда отандық мэтрлердің жұмыстарын Алматы галереясы таныстырды. Аталмыш галерея Қазақстанда жыл сайын 14-ке жуық Орталық Азия суретшілері қатыса алатын бірнеше көрме өткізеді. Ал енді Cromwell place галереясының мүшесі бола отырып, олар жылына 4 рет Ұлыбритания астанасында қазақстандық авторлардың көрмесін ұйымдастыра алады.

 

Фото: esquire.kz


×