Пекинде ШЫҰ-ның мәдени және спорттық жоспары таныстырылды

Йога мен бокстан бастап сурет жарыстарына дейін. Пекинде ШЫҰ-ның алдағы жылға арналған мәдени және спорттық іс-шараларының бағдарламалары таныстырылды. Пандемияға байланысты ұйым көптеген шараларға шығармашылық көзқараспен қарауға тура келді. Осыған байланысты конкурстар мен қойылымдардың көп бөлігі  онлайн форматқа көшті. Десе де ұйымдастырушылар олардан алатын әсер еш өзгермейді деп сендіріп отыр. Сонымен, 6 желтоқсанда ондаған елден мыңдаған спортшылар марафон өткізбек. Бір айырмашылығы барлық қатысушылар өз елдерінде болады.

ВЛАДИМИР НОРОВ, ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

 - Биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты ШЫҰ Хатшылығы мен Юньнань провинциясының халық үкіметі бесінші Куньмин марафонын 6 желтоқсанда онлайн өткізу туралы шешім қабылдады. Біздің марафонға бүкіл әлемнің кәсіби спортшылары мен әуесқойлары қытай, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді болатын арнайы қосымша арқылы қатыса алады.

Сондай-ақ, желтоқсан айында 24-ші рет Шанхай өнер көрмесі де ұйымдастырылады. Онда онлайн-көрмеге қатысатын балалардың суреттері қойылады. Бұған дейін ШЫҰ-ның 15 мемлекетінен байқауға 500-ден астам жұмыс ұсынылған еді.

Сонымен қатар, келесі жылы Ұйым өзінің 20 жылдығын кең ауқымда атап өтеді. Онда дәстүрлі медицина форумы мен кинофестивальдан бастап студенттер арасындағы футбол турниріне дейін бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

 

Фото: russian.cgtn.com


×