«Астана Опера» сахнасында француз комедиясы

Әсерлі хореография, әсем саз, жан тебірентер вокал мен монолог. Бұған қызықты пантомиманы қосыңыз. Өткен демалыс күндері «Астана Опера» театрының қонақтары түрлі өнердің бір сахнада үндесуінің куәгері болды. Театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев өнер сүйер қауымның назарына әзіл аралас эксклюзивті бағдарлама ұсынды.

Маэстро бірегей опералық-симфониялық концертте Мольер, Вольтер мен Бомаршені, яғни француз комедиясының негізін салушыларды тоғыстырған. Қойылым барысында алтын ғасыр классиктерінің өмірі мен шығармашылығы туралы очерктер ұсынылады. Алан Бөрібаевтің өзі жазған монолог та орындалды.

Сондай-ақ, театр сахнасында алғаш рет Моцарттың «Фигароның үйлену тойы» операсынан екінші бөлімнің финалы шырқалды. Елдегі санитарлық талаптарға сай көрермендер шектеулі болды. Сондықтан ерекше концертті онлайн режимінде тамашалау мүмкіндігі жасалды.

АЛАН БӨРІБАЕВ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАС ДИРИЖЕРІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Сан қырлы өнердің әмбебап синтезін табуға тырыстық. Сондықтан сахнада симфониялық оркестрмен симфониялық музыка орындалды. Сондай-ақ классикалық әдебиеттің жарқын үлгілері болды. Балет, пантомима, опера әншілері керемет туындыларды шырқады. Бұған қоса заманауи технологияларды қолдану кештің көркін аша түсті. Видео түсірілім жасалды. Бұл шынымен түрлі өнер тоғысқан концерт болды. Ерекше жасалған бірегей концерттің баламасы бізде де, шетелде де жоқ.   

 

Фото: zakon.kz


×