«Абай және гуманизм» халықаралық форумы

Абай – қазақ халқының ұлы перзенті және жаһандық ауқымдағы тұлға. Оның бай шығармашылығы мен әдеби мұрасы – мәңгілік. Назарбаев Университетінде өз жұмысын бастаған «Абай және гуманизм» халықаралық онлайн-форумының қатысушыларының пікірі осы ойға тоғысады. Ақынның 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған екі күндік шараға Түркия, Қазақстан, Қырғызстан және Нидерланд елдерінен белгілі абайтанушылар, түрколог ғалымдар, фарабитанушылар және алаштанушылар қатысуда. Форум гуманитарлық, әлеуметтік және басқа да ғылыми бағыттағы ғалымдардың басын біріктіріп, Абай шығармашылығында көтерілген мәселелерді талқылауға арналды. Сонымен бірге, қатысушылар, ақын еңбектерін зерттеу бойынша жүргізген еңбектерінің нәтижелерін таныстырып, бүкіл әлем бойынша оқу бағдарламаларына абайтану пәнін енгізу жайын талқыламақ.

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Абайға қатысты халықаралық түркі Академиясы оннан астам үлкен жиын, форум өткізді. Және тоғыз кітап шығарды. Бұлардың арасында Абайдың қара сөздері әзербайжан, түрік, өзбек тілдеріне аударылыды.  Абайдың академиялық жинағы Түркияда және Қырғызстанда жарық көрді. Абайтанушылардың үлкен жинағын Түркияда жарияладық. Сонымен қатар Абай жолы эпопеясын Түркияда басып шығардық. Абайдың өлеңдер жинағы мен поэмалары қара сөздері көптеген тілдерге аударылды.

ЮЛАЙ ШАМИЛЬОГЛУ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР МЕКТЕБІНІҢ ПРФЕССОРЫ:

– Біздің кафедра қазақтану мен абайтануды халықаралық деңгейде дамытуға үлес қосқысы келеді. Мен Абайтанудың маманы емеспін, алайда Америка мекн Еуропада білім алған түрколог ретінде Абайтануды халықаралық білім жүйесіне ендіру бойынша ұсыныстарым бар. 

 

Фото: smapse.ru