Қазақстандық өнерпаз Junior Eurovision-2020 байқауына бейнебаян түсіріп жатыр

«Junior Eurovision 2020» халықаралық байқауында ел намысын қорғайтын Қарақат Башанованың «Forever» әніне бейнебаян жасалды. Түсірілім Алматыда өтті. Бейнебаянда жауынгер, ғарышкер және өрт сөндіруші сынды мамандықтарды таңдаған ер-азаматтардың ерлігі жырланады. Бұл - қауіпті мамандықты таңдап, үйлеріне қайта оралмаған әкелерге деген балалардың сағынышы. Түсіру жұмыстарына обот пен видеоконтентті біріктіретін, декорация жасауға арналған рирпроекция қолданылды.

ҚАРАҚАТ БАШАНОВА, ҰЛТТЫҚ ІРІКТЕУДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

 - Дайындық бәрі ойдағыдай жүріп жатыр. Бәрі жақсы. Енді кішкене қобалжу бар. Бірақ бәрі ойдағыдай өтеді деп ойлаймын. Маған дауыс беріңіздер. Өйткені, мен осы әлемдік аренада өзімді, Қазақстанымыздың атын лайықты ұстауға уәде беремін.

Бейнебаянда Қарақат үш түрлі кейіпте шығады. Оқиғаны шындыққа айналдыру үшін стилисттер олардың әрқайсысын мұқият ойластырған. Естеріңізге сала кетейік, 29 қараша күні Қарақат Junior Eurovision байқауында Қазақстанның намысын қорғайды. Эпидемияға байланысты ән додасы әр қатысушының елінде телекөпір форматында өтеді.

 

Фото: egemen.kz


×