«Астана Опера» театрында «Дон Паскуале» спектаклінің премьерасы өтті

Көрсетілімі наурыз айында жоспарланған Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсының премьерасы елордадағы «Астана Опера» театрында өткен демалыста өтті. Операның авторы атақты Гаэтано Доницетти өз шығармасын екі апта көлемінде жазып шыққан. Соған қарамастан 1843 жылы туындының премьеарсында үлкен қошеметке ие болып, атағы жер шарын шарлаған. «Астана Опера» театрының дирижері Абзал Мұхитден аталмыш туындының қазақ сахнасында биыл орындалуына, көрермендердің туындымен, сүйікті орындаушыларымен қайта қауышына атсалысқан бірден бір азамат. Ол бізге үзілістерден тұрған дайындық барысының қиыншылықтарымен бөлісті.

АБЗАЛ МҰХИТДЕН, АСТАНА ОПЕРА ТЕАТРЫНЫҢ ҚОЮШЫ ДИРИЖЕРІ:

– Енді расында, осы операны дайындағанда біраз қиындықтар көрдік. Өйткені, ең алғашқы бастағанда ол қыс болатын. Ақпан айы. Негізі Наурыз айында Манана Гуниа мен Алла Симонишвили Астанаға келіп, сол күні карантин басталып олар 14 күн бе, 21 күн бе осында карантинде отырды. Сонда, скайппен, зуммен жұмыс істеді. Ол өте қиын жұмыс. Өйткені мұнда физика деген нәрсе бар ғой. Карантин ашылғанда, ол сәуір айы ғой деймін бізде бірінші репетиция басталды концертмейстермен, рояльмен осы ғимараттың ішінде. Ол енді бір апта болды ма болмады, қайтадан карантин басталды. М меніңше, тек қана әртістер емес тек қана музыканттар емес біздің тыңдармандар өте сағынып қалған деп ойлаймын. Жалпы театрды.

Қазақ сахнасында қойылған атақты шығарманы «Астана Опера» театрының ұжымы басты кейіпкерлердің бейнесін өзгеше кейіпте бергенін атап өткен жөн. Көрермендер сахнада көзге үйреншікті болып қалған қарт Дон Паскуалені емес, күш жігері бойында, ақсүйек азаматты көрді. Осылайша, жаңа қырынан танылған Дон Паскуале оффлайн да, онлайн да тамашалаған көрермен көңілінен шықты.

 

Фото: zakon.kz


×