Елордада «Сағындырған әндер-ай!» ретро ән кеші өтеді

Елордада «Сағындырған әндер-ай!» ретро ән кеші өтеді

«Сағындырған әндер-ай» концерті - жыл сайын өтетін дәстүрлі ретро әндер кеші. Оның барысында отандық танымал жұлдыздар халық сағынған әндерді орындайды. Биылғы концерт бұрынғыдан өзгерек, себебі онлайн форматта өтеді. Жоба авторы және ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Майра Ілиясова биыл қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының басын елорда төрінде қайта қоспақ. Кеште Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Алтынай Жорабаева, Гүлнар Оразымбетова, Айгүл Иманбаева, Маржан Арапбаева, Азамат Жылтыргөзов, Қайрат Байекенов, Меруерт Түсіпбаева және «Астана» филормониясының талантты жас әншілері өнер көрсетеді. Сағындырған әндерге толы кешті біздің арнамыздың эфирінен жақын арада күтіңіздер!


×