Америкалық топ «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады

Америкалық топ «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады

Америкалық Humming House тобы ұлы ақын Абай ҚҰнанбаевтың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнінің әуенін орындады. Бейнебаян Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланды. Бұл АҚШ Мемлекеттік департаменті білім және мәдениет жөніндегі бюросы мен топ мүшелерінің Абайдың 175 жылдығына арнайы тартуы.

"Біздің орындауымыздағы ұлы Абайдың әнінің нұсқасы сіздердің көңілдеріңізден шықты деген үміттеміз. 2018 жылы бізге American Music Abroad бағдарламасы арқылы Қазақстанға бару бақыты бұйырды. Біз қазақтың ұлы ақыны Абайдың туған жері Семей өңірінде тоқтадық. Тамаша уақыт өткізіп, мәдениетімен танысып, тағамдардан ауыз тиіп, адамдардың қонақжайлылығына тәнті болдық.  Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мерейтойына орай біз де бар күшімізді салып, атап өткізгіміз келді.  Бобби ішекті аспаптардың әуендерін әрледі және осы нұсқаны Семейге және Қазақстанның барша халқына Нэшвиллден дұғай сәлеммен және сүйіспеншілікпен жолдаймыз", дейді Humming House тобының мүшелері Қазақстан халқына жолдаған сәлемінде.  

Айта кетейік, бұл топтың қазақ әнін бірінші рет орындауы емес. 2018 жылы Humming House «Наурыз» әнінің кавер нұсқасын әннің авторы Айдос Сағатпен бірге жазған болатын.

 

Фото: tengrinews.kz


×