Мұқағали Мақатаев туралы фильмнің түсірілімі аяқталды

Мұқағали Мақатаев туралы фильмнің түсірілімі аяқталды

Қазақстанда қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев туралы кинокартинаның түсірілім жұмыстары аяқталды. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясы өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады. «Мұқағали» картинасының түсірілімі 2019 жылдың маусым айында басталып, Алматы мен Алматы облысында, Өскемен мен Санкт-Петербургте өткен болатын. Картинаның режиссері – белгілі қазақстандық киношежіресі Болат Қалымбетов. Оның айтуынша, жаңа таспада ақынның өмірінің соңғы күндері де көрсетіледі.

«Бұл фильм бірінші кезекте ақын туралы емес, адам туралы. Адам тағдыры туралы»,- деген болатын режиссер Болат Қалымбетов.

«Мұқағали» фильмі көрерменге аты аңызға айналған ақынның өмірі туралы баяндайды. Оның есімі Абай, Әуезов және қазақ әдебиетінің басқа да классиктерінің есімдерімен қатар қойылады. Ол – көптеген өлең, поэма, әңгіме, пьеса мен повестердің авторы.

«Мұқағали Мақатаев қазақтың ең танымал ақындарының бірі. Ол өзінің шығармашылығымен оқырмандардың жүрегін жаулап алып, Уильям Шекспирдің сонеттерін, Уолт Уитменның өлеңдерін, Дантенің «Божественная комедия» поэмасын және тағы басқа шығармаларды қазақ тіліне аударған тұлға. Оның өлеңдерінен әркім өзіне керегін ала алады», - деп атап өтті «Қазақфильмде».

«Қазақфильмнің» хабарлауынша, «Мұқағали» студияның республикадағы кинотеатрлар ашылғаннан кейін көрерменге ұсынатын алғашқы фильмдерінің бірі болмақ. Айта кетейік, қазір мамандар түсірілген материалды монтаждауда. Фильмнің тұсаукесерін ақынның 90 жылдық мерейтойына орайластыру жоспарланған.

Авторы: Ақзер Сегізбай

 

Фото: inform.kz