Данэлия Төлешова America's Got Talent финалына өтті

Данэлия Төлешова America's Got Talent финалына өтті

Данэлия Төлешова АҚШ-та өтіп жатқан America' s Got Talent өнер додасының ақтық сынына жолдама ұтып алды. Қазақстандық жас жұлдыз АҚШ көрермендерінің тәулік бойы дауыс беру нәтижелері бойынша фавориттер қатарына еніп, әлемдік шоу финалында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.  Отандық әншінің PR-директоры Татьяна Синенконың айтуынша, финалға өту үшін сынға түскен қатысушылардың үштігінде Данэлиямен қатар «Golden buzzer»-дің (қазылар алқасының арнайы қолдауы) екі иегері болды. Алайда көрермендер қазақстандық әншіні қолдадаған.

«Осы уақыт ішінде мені қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл шешуші апта болады, көп жұмыс істеу керек. Мен үміттеріңізді ақтауға тырысамын», – деді Данэлия.

America's Got Talent 15-кезеңінің финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.

 

Фото: liter.kz