«Астана Опера» театры «Дон Паскуале» операсының онлайн-премьерасын ұсынады

«Астана Опера» театры «Дон Паскуале» операсының онлайн-премьерасын ұсынады

Қазақстанда алғаш рет Италия опера өнерінің ұлы классигі Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсының онлайн-премьерасы көрсетіледі. Танымал спектакльдің тұсаукесері 2-3 қазан күні «Астана Опера» тетрының камералық залында өтеді. Қойылымдағы оқиғалар желісі көрерменін өткен ғасырдың басындағы кезеңге саяхатқа шақырады.

«Біз оқиғалар желісін өткен ғасырдың оныншы жылдары – BELLE EPOQUE елең-алаң шағына ауыстырамыз. Бұл «керемет дәуір» – Еуропа қоғамында әлеуметтік әрі экономикалық дағдарыс туындай бастаған нағыз аумалы-төкпелі кезең, алда Бірінші дүниежүзілік соғыс, ескі қоғам өзін-өзі жойып, құлдырауға ұшырады, алайда оның орнына тың дүние келе қоймаған сәт, анығын айтқанда, зиялы қауымның орнын алаяқтар, өзіндік ұстанымы жоқ арсыз адамдар басуға тырысқан кез еді. Адамгершілік, мәдени әрі әлеуметтік құндылықтарды қайта бағалау орын алды», – деп атап өтті сценограф әрі костюмдер бойынша суретші Манана Гуниа.

Пішіннің талғампаздығы, материалдардың эклектикасы, түстер гаммасы сән-салтанат пен мамыражайлық ахуалын туындатады. Бұл сахналық туындының қоюшы режиссері – Наталья Кагадийдың бірегей көзқарасын танытады. Сахнаны әрлеу мен декорациялардың трансформациясы зәулім қонақ үйдің күнделікті өмірін іштен бақылап отырғандай әсердегі көрерменнің көз алдында өтеді. Драматургиялық жинақылығы, әрбір кейіпкердің музыкалық мінездемесімен қабыса тұрып, үлкен әзілмен өрілген құлаққа жағымды мәтін көрерменге қойылымның күйі мен ырғағына жеңіл сіңісіп кетуіне мүмкіндік береді.

Автор: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: ticketon.kz