«Абай жолы» анимациялық жобасының кезекті бөлімі жарияланды

«Абай жолы» анимациялық жобасының кезекті бөлімі жарияланды

«Абай жолы» анимациялық жобасының кезекті сериясы көрерменге жол тартты. Massaget.kz жастар порталында видео саммари роман-эпопеясының бесінші тарауы жарияланды.

Еске салайық, бұл - Мұқтар Әуезов романының танымал doodle-анимация жанрындағы қысқа баяндамасы. Doodle сөзі ағылшын тілінен ойламай сурет салу деп аударылады. Экранда көрінбейтін қол «сурет салатын» картинкалар пайда болады.

«Абай жолының» қысқаша мазмұны әр тарау бойынша дайындалған. Төрт томдық эпопея барлығы 28 тараудан тұрады. Осылайша Эпопеясының медиа нұсқасы үш ай бойы әр дүйсенбіде жарияланып отырады.

Мәселен, жобаның енді бір жарық көрген «Бел-белесте» деп аталатын  тарауында Ырғызбай мен Жігітек руларының арасындағы дау-дамайдың қақтығысқа ұласқаны жайында баяндалады. Ұлы ақынның жаудың қызына ғашық болуы жағдайды ушықтырып жібереді. Бұл оқиға жөнінде толығырақ YouTube-тегі Massaget TV арнасында көруге болады.

Бірегей бастама Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған. Бейнежоба еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

 

Фото: camonitor.kz